Алматы алақандағыдай
«Abay» Қазақтың ұлттық мейрамханасы «Көк-төбеде», Алматының ең көрікті мекендерінің бірінде, теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте орналасқан. Мейрамханада ас іше отырып, қаланың сұлулығын алақанға салғандай тамашалауға болады. Мейрамхананың залы ақ орда пішінінде салынып, ұлттық әшекейлермен көмкерілген.
Әйнектен жасалған шаңырақта қазақ ұлттық салт-дәстүрлерінің көріністері бейнеленген.