Асхананың жаңа форматы
Базилик — болашақтан келген асхана. Әдетте, біздегі «асхана» атаулының бәрі КСРО заманынан бері өзгермеген жерлермен, мектептермен, зауыттармен есте қалған. Ал Базилик стереотиптерді қиратып жатыр: мұның залдары кең, интерьерінің дизайны ерекше, бағалары да тиімді. Әрі өзіңіз тапсырыс берген ас қалай әзірленіп жатқанын көруге де болады. Дәм атаулының нағыз талғампазының жұмағы деуге болады, оның үстіне, заманауи асхананың тәулік бойы есігі ашық.
Базиликтың басты ерекшелігінің бірі — залмен біріктірілген ашық ас үй.