Аспандағы құс секілді

Өзіңізді аспанда самғаған құстай сезініп, таңғажайып таулардың үстінде ұшу, кейде желмен бірге жоғары көтеріліп, кейде төмен жүйткіген желдің екпінімен құлдилау ешқашан ұмытылмайтын әсерге бөлейді. Өзіңізді тура қанат біткендей сезінесіз. Ұшу орташа 10 минуттан 20 минутқа дейінгі уақытты алады. Биіктіктен қорқу сезімін жеңіп, төмендегі бұрын-соңды көрмеген әсем пейзаждан ләззат алу — шет-шегі жоқ еркіндікті сезінуге мүмкіндік береді, Сіз мұны ешқашан ұмытпайсыз!

Негізгі ұшу орындары

Алматы қаласының маңында парапланмен ұшатын бірнеше орындар бар. Бірақ оның ішіндегі ең танымалдары — Шымбұлақ тау-шаңғы курорты мен Үшқоңырда. Старт алатын жер теңіз деңгейінен 960-3600 метр биіктікте болады. Сіз мұнда аспандағы саяхатыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инструкторлардың сүйемелдеуімен ұшасыз.

Қорқақтарға арналған экстрим

Парапланмен аспанда самғау көңіл көтерудің экстремалды түрлерінің бірі болғанмен, оған арнайы дене дайындығы қажет емес — тіпті 5 жасқа дейінгі балалар да ұшуына болады. Бастысы, қолайлы киім киіп, аздап жүгіруге дайын болу қажет. Қалғанының бәрін Сіз үшін жел мен ауа толқындары орындайды. Самғау мүлде қауіпсіз, ал айналаңыздың бәрін мобильді телефоныңыздың камерасына түсіріп алуға болады. Бастысы, телефоныңызды мықтап ұстасаңыз болғаны.

Үш қоңыр тауынан нұсқаушымен бірге парапланмен ұшу

Ерекшеліктері:

Ұшу ұзақтығы — 7-ден 15 минутқа дейін (қолайлы ауа-райында). Ұшу биіктігі-800 м — ден 1000 м — ге дейін.парапландар-Niviuk, ASA, Independence, Paraavis, PARATECH. Сіздің қызметіңізде үлкен жұмыс тәжірибесі бар нұсқаушы-ұшқыштар бар. Нұсқаушылармен кездесу орнына дейін трансфер қарастырылған (құны 500 тг.):

Түрлері:

Нұсқаушымен бірге парапланмен ұшу (демалыс күні) — 15 000 тг. Нұсқаушымен бірге парапланмен ұшу (жұмыс күні) — 15 000 тг. Жасы бойынша шектеу: 20 кг — нан (18 жасқа дейін) балалар-ата-анасының келісімімен және қатысуымен.

Сондай-ақ қараңыз