Тарихи анықтама
Театр 1933 жылы Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының бұйрығымен құрылған. Театр ғимаратының құрылысы 1936 жылы басталып, 1941 жылы аяқталды. Ғимараттың сәулеткерлік шешімінде кеңес үкіметінің билік құрып тұрғанына қарамастан, ұлттық колориттің қолданылғаны таң қалдырады. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде КСРО-ның бүкіл театр және кинематография элитасы осында эвакуацияланды. Сергей Эйзенштейннің «Иван Грозныйы» осында түсірілді, атақты прима Галина Уланова МАОБТ сахнасында билеп, Алматы хореография училищесінде дәріс оқыды.
Қазіргі репертуары
Театр сахнасында бүкіл әлемге әйгілі «Евгений Онегин», «Желіккен жесір», «Аида» операларын, ұлттық өнер туындыларына айналған «Абай», «Абылай Хан», «Қыз Жібек» шығармаларын тамашалай аласыз. Көркем әрі дәстүрлі «Анна Каренина», «Щелкунчик», «Дон Кихот» балеттері, тағы басқа да көптеген қойылымдар ұмытылмас эстетикалық ләззатқа бөлейді.