Алматы қаласының «Метрополитен» КМК
Алматы метрополитені-Алматыдағы көшеден тыс жүрдек рельсті көлік жүйесі. Орталық Азиядағы (Ташкенттен кейін) екінші, Қазақстандағы алғашқы және жалғыз, бұрынғы КСРО аумағында он алтыншы және соңғы (2019 жылғы мамыр) метрополитен 2011 жылғы 1 желтоқсанда ашылды. Бірінші күні, 2011 жылы 1 желтоқсанда 6 сағат ішінде метрополитен қызметін 11 мың жолаушы пайдаланды. Алғашқы 3,5 күнде 130 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.
1988 жылы Алматыда метрополитеннің белсенді құрылысы басталды. 1990 жылдар метрқұрылыстың материалдық-техникалық және ғылыми базасын құру кезеңі болды. Қаржыландырудың аздығына қарамастан, айдау және эскалатор станцияларын, терең төсеу станцияларына жақындау қазбалары үңгілеу жұмыстары жалғастырылды, ең бастысы инженерлердің тәжірибелі кадрлары және жұмысшылар сақталды. 2011 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қатысуымен 7 станция — «Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Әуезов атындағы драма театры» пайдалануға берілді. Кейінірек, 2015 жылы Сайран және Мәскеу станциялары қосылды. Бүгінгі күні Алматы метрополитенінде 9 станция жұмыс істейді, желілердің ұзындығы — 10,3 км, оларға 28 вагон қызмет көрсетеді, әрқайсысында төрт вагоннан тағы сегіз электржылжымалы құрамды жеткізу үшін келісімшартқа қол қойылды.
Бүгінде тағы екі «Сарыарқа» және «Достық» станцияларының құрылысы жүргізілуде, бірінші метро желісінің ұзындығы пайдалануға берілумен 3,1 км-ге артады сондай-ақ жақын арада «Қалқаман» және «Батыс» Автовокзалының» құрылысы басталады. Соңғы жылдары метрополитенде жолаушыларды қауіпсіз және жайлы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Метрополитен Алматы қаласы тұрғындарының ажырамас бір бөлігіне айналды. Метрополитеннің жұмысы кезінде жолаушылар ағыны тұрақты артып келеді. Мысалы, 2016 жылы жолаушылар ағыны 12,4 миллион адамды, 2017 жылы 14 миллион адамды, 2018 жылы 16,6 миллион адамды, ал 2019 жылдың соңына қарай жолаушылар ағыны 18,4 миллион адамды құрады.