Жайбарақат серуендейтін жер
Атакент іскерлік ынтымақтастық орталығының аумағында таңнан кеш батқанға дейін серуендеуге болады. Жағымды саябақ, балалар алаңдары, субұрқақтар, аквапарк, батут саябағы, мейрамханалар, Atakent Mall және «Галерея» сауда орталықтары, Қарқара базары — Атакентті тек бизнес орталығы ғана емес, қалағанша қыдыруға болатын кешенге айналдырды.
Тарихи анықтама
Атакентті қалалықтар «Көрме» деп те жиі атайды. Гәптің бәрі ғимараттың о бастағы аты мен құрылу тарихында жатыр. 1963 жылдан 1992 жылға дейін Атакент ХШЖК (Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі) (ВДНХ) деп аталды. Көрме павильондары да сол кезде салынып, онда күні бүгінге дейін әртүрлі салалар мен бағыттардағы көрмелер өткізіледі.