Тәуелсіздік монументі
Зәулім монумент 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнап, егемендіктің бес жылдығына орай тұрғызылған. Ескерткіш алматылықтар «жаңа алаң» деп атап кеткен Астана алаңының шетінде орналасқан. Ұлттық егемендік символын салу бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төл идеясы болды. Монументтің авторлары: шығармашылық ұжымның басшысы Шота Уәлиханов, мүсіншілер: Әділет Жұмабаев, Нұрлан Далбай, сәулеткері Қазыбек Жарылғапов.
Көркемдік мәні
Тәуелсіздік монументі бірнеше күрделі элементтерден құралған. Сұңғақтанған архитектуралық мүсінге белгілі ғылым, мәдениет және саясат қайраткерлерінің қанатты сөздері рух беріп тұрғандай. Экспозицияның биіктігі 180 метрге жетеді. Композицияның айналасы, алаңның жиектері рельефті-скульпторлық қабырғалармен көмкерілген. Олар еліміз тарихының ежелгі кезеңдерінен күні бүгінге дейінгі аса маңызды оқиғаларын қамтиды.