Қалалықтардың сүйікті демалыс орны
Орталық демалыс паркі — Алматының басты саябағы. Аттракциондар, аквапарк, дельфинарий, динопарк, қайықтар, т.б. қаласаңыз да, қаламасаңыз да мұнда келген соң бірден көңіліңіз көтеріліп кетеді. Орталық көлдің ортасындағы аралға салынған салтанатты мейрамханаға қайықпен жүзіп баруға болады немесе селдір көпірмен жаяу жетуге болады. Алуан түрлі күш өлшегіштер, тир, фокусшылар, аквагрим суретшілері — мұнда сіз «өзгелерді тамашалап, өзіңізді де көрсете аласыз».
Белсенді өмір — денсаулық кепілі
Саябақта қалалықтардың денсаулығын нығайту және белсенді демалды жаны сүйетіндер үшін бүкіл мүмкіндік жасалған. Веложолақтар, волейбол, баскетбол алаңдары, тренажерға толы спорт алаңдары, жүгіруге арналған қолайлы жолақтар — Горький саябағындағы уақытыңызды пайдалы әрі көңілді өткізу үшін әзір тұр. Әсіресе, осы маңда тұратын қалалықтардың бір аяғы осы Горький паркте екендігі ешкімге сыр емес.