1935 жылы 14 қаңтарда құрылған Алматы шығармашылық бірлестігі. 1938 жылдан бастап қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың есімімен аталады. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» көп жылдар бойы Алматы қаласы және Қазақстан Республикасының мәдени орталығы болып табылады. Бұл қала тұрғындары және қонақтарының оның қызметіне және концерттік бағдарламаларына деген қызығушылығының өзгермейтіндігімен расталады.
Филармонияның шығармашылық ұжымдары өз тарапынан жоғары музыкалық классикалық өнер және халық шығармашылығы негізінде тыңдаушылардың рухани қажеттіліктерін қалыптастыру бойынша шетелдік композиторлардың да, Қазақстан композиторларының да музыкасын насихаттай отырып, негізгі міндеттерді орындауға ұмтылады.