Хан сарайы
Хан сарайындай етіп салынған «Алаша» мейрамханасы шығыстық дәстүрмен безендірілген: нақыш қашалған есіктер, колонналар хас өнерпаздардың туындысы әрі сарайдың шынайы көшірмесіндей әсер қалдырады; шығыстық дәстүрлер мен заманауи элементтер үндескен ханның бөлмесі тамсандырады. Мейрамхананың тапшанында алуан түрлі жемістердің хош иісі сіңген қор-қорын бұрқылдатып жатып, шығыстың бар ерекшелігін сезінуге болады.