Колорадо каньонының інісі

 

 

Шатқалды Америкадағы Гранд-Каньонмен жиі салыстырады. Шарын шатқалы Америкадағы каньоннан көлемі жағынан аздап қана кішілеу болғанмен, сұлулығы жағынан кем түспейді. Шатқалдың жалпы ұзындығы 154 шақырым, ал жасы 12 миллион жыл шамасында. Шатқалдың түбінен Шарын өзені ағып өтеді, оның жалпы ұзындығы 360 шақырымнан асады.

 

Өзіңізді Марста жүргендей сезініңіз

Шатқалдың сұлулығы Марс бетінің табиғатын, көріністерін еске салады. Өзіңізді өзге ғаламшарда жүргендей сезінгіңіз келсе, міндетті түрде ғарыш сұлулығы дарыған Шарынға келіңіз! Жыл сайын мыңдаған туристер осы сиқырлы мекенге келіп, ұмытылмастай әсерге бөленіп қайтады. Мұнда келген туристер Қазақстан табиғатының сұлулығына көзі тоймай, мүмкіндігінше көбірек суретке түскісі келеді.

Қамалдар, мыстандар, айдаһарлар

«Қызылсай» қамалдар аңғары — каньонның ең көрікті шатқалдарының бірі. Оның тік көтерілген жартастары патша сарайының ежелгі қабырғаларына ұқсайды. Аңғарды 1,5 сағатта жаяу жүріп өтуге болады. Басынан жүріп келе жатқан жолаушы аңғардың аяқ жағында мөлдір тұнық тау өзеніне тіреледі. «Жалмауыз кемпір шатқалы» мен «Айдаһар шатқалы», тағы басқа да көптеген көріністер туристерді айрықша қызықтырады.

Флора мен фауна

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігін, сондай-ақ түрлі тұқымдардың пайда болуын зерттеу үшін осында келеді. Шарын каньонында сүтқоректілердің 62 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі және ұя салатын құстардың 103 түрі бар. Мұнда өсімдіктердің 1500 түрі өседі, олардың 17-і Қызыл кітапқа енгізілген. Алматыдан шатқалға жету 3-3,5 сағатты құрайды. Көптеген компаниялар каньонға пакеттер мен экскурсиялар ұсынады.

Сондай-ақ қараңыз