Теңіз деңгейінен 3200 метр биікте

шымбулак

 

 

Курорттың орналасқан жерінің өзі тамсандырады — Алматының орталығынан небәрі 1 сағатта оның төріне шығып, ТМД аумағындағы ең биік тау барында кофе ішуге болады. Мұнда, тіпті жаздыгүні күн +30 градусқа дейін қызған кезде де қар жатады. Жазда орташа ауа температурасы +20 градус, ал қыста -7 градус шамасында болады. Орта есеппен жылына аттай 300 күн аспанда бір шөкім бұлт болмайды!

Спортшылардың жұмағы

Тау биігіндегі курорт алматылықтар мен оңтүстік астана қонақтарының сүйікті белсенді демалыс орны болып табылады. 20 шақырымға созылып жатқан трасса шаңғы мен сноуборд тепкісі келетіндерді күтеді. Қыста Фанпаркте 14 трасса және оқыту бөктері жұмыс істейді. Кешенде сырғанақ тебу қиындығына қарай 5 «қара» трасса (сараптама деңгейі), 6 «қызыл» трасса (озаттардың деңгейі), 3 «көк» трасса (орта деңгей) бар. Ал сырғанауды енді ғана үйреніп жатқандар үшін оқыту бөктері («жасыл» трасса) қызмет көрсетеді.

Таптырмас демалыс орны

Шымбұлақта сырғанауды білмесеңіз де, уақытыңызды көңілді өткізуге болады. Дәмі тіл үйірген ыстық тағамдары бар асханалары, 360 градусқа бұрылатын аса қуатты бинокльдері бар шолу алаңдары құшағын аша қарсы алатын дәмханалар мен мейрамханалар, балалар алаңдары дайын тұр. Тау тыныштығында демалуға жаны құмар, қар басқан бөктерді тамашалап, тәтті ой құшағына батуды қалайтын қонақтар үшін курорт жоғары класты қонақүйлерін ұсынады.

Сондай-ақ қараңыз