Алматыға барудың 10 себебі

Кез келген қала бір барсаң қайта оралғың келетін көрікті жерлерімен әйгілі. Алматы еліміздің дамып келе жатқан мегаполистерінің бірі болғандықтан, қала көптеген себептермен туристерді өзіне тартады. Оңтүстік астанаға бару себептерінің тізімі алуан түрлі, алайда сіз төменде берілген тізімде олардың алғашқы 10 себебін көре аласыз және олар сіздің Алматыға келуге деген құлшынысыңызды арттырады деп сенеміз.

Таулар

Таулар — Алматының визит карточкасы. Алматылықтар жылдың кез келген мезгілінде табиғат аясына бару мүмкіндігіне ие. Алматы Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан және жазды күндері де қарлы шыңдары бар таңғажайып және биік тауларымен танымал. Сондықтан, таулар Алматыға барудың басты себебі болып табылады. Тау бағыттарының саны алуан түрлі және олардың әрқайсысы кез келген адамды таң қалдырады. Бағыттар арасында өте танымалдары да бар: Фурманов шыңы, Көкжайлау, Бутаковка, Шымбұлақ, Аюсай және Түрген шатқалы. Бұл жерлердің әрқайсысы таңғажайып және алматылықтар үшін үлкен маңызға ие. Мысалы, Фурманов шыңы — таудың тура шетінде орналасқан әткеншектерімен адамдарды өзіне тартады; Бутаковкада қыста мөлдір көрінісімен таңғалдыратын сарқырама бар; Ал Шымбұлақ таңғажайып ойын-сауықтарымен, түрлі мейрамханаларымен және шаңғы базасымен танымал.

Шаңғы курорттары

«Таулар» деген сөзді естіген бойда бәрімізде шаңғы және сноуборд тебу еске түседі. Алматы қала тұрғындары мен туристеріне тау шаңғысы курорттарының кең спектрін ұсынады. Шымбұлақ, Табаған және Ақ бұлақ тау шаңғысы курорттары туристер арасында ең танымал және халық көп баратын жер болып табылады.

Шымбұлақ тау-шаңғы курорты — теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте Іле Алатауының әсем шатқалында орналасқан Алматылықтардың ең сүйікті орындарының бірі. Қыста қар жамылғысы басқан жерді, жазда жабайы көкнәрге толы төменгі беткейде гүлді шалғынды көргіңіз келсе, Шымбұлаққа қош келдіңіз!

Қала іргесіндегі Талғар ауданында орналасқан тағы бір таулы демалыс орны – Табаған. Табаған 2005 жылы ашылып, Шымбұлақтай танымал болмаса да, әлі күнге дейін тауда демалуға таптырмас орын. Табаған тек тау спорты ғана емес, бассейндері бар су-сауықтыру кешені, жаттығу залы, джакузи, массаж бөлмелері, сауналар мен моншалар сияқты көптеген ойын-сауық түрлерін ұсынады.

Сондай-ақ, тағы бір «Ақ бұлақ» тау-шаңғы курортын атап өткен жөн. Ақ бұлақ – таза ауадан, тау шыңдарының әсем сұлулығынан ләззат алып, қаланың күйбең тірлігінен құтылуға болатын жер. 

Қолжетімді бағалар

Алматы — күннен күнге қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Халық тығыз орналасқан және бай қала деген болжауларға қарамастан, сіз өзіңізге қолжетімді бағалардағы керек затыңызды таба аласыз. Сіз қалаға келген соң, Медеу, Шымбұлақ, Букреева шыңы сынды қаланың негізгі көрікті жерлеріне тегін баруға болатынын біліп таң қаларсыз. Алматыға шетелдіктердің көп келуінің тағы бір себебі де осы. Азияның басқа мегаполистарымен салыстырғанда Алматы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін өте тиімді.

Тарихи қала

Әлемнің екі бөлігін — шығыс пен батысты байланыстыратын үлкен сауда бағыттарының бірі болған Ұлы Жібек жолы қазақ жерінен, дәлірек айтсақ, ескі қазақ жерінің оңтүстік аумағы арқылы өткен. Алматы Жібек жолындағы қолөнер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда орталығы болған, сонымен қатар ресми теңге сарайы да болған. Қала алғаш рет 13 ғасырдағы кітаптарда «Алматы» деп атап өтілген. Тағы бір тарихи дерек 1970 жылы Есік Қорған ауданында табылған Алтын адам болды. Алматыны тарихи және баруға болатын қызықты орын ретінде көрсететін көптеген факторлар бар.

Гранд-Каньонның інісі

Гранд-Каньон Американың, Аризона штатының басты көрікті жерлерінің бірі болып табылатыны баршаға мәлім. Алматыда осы каньонның Шарын деген інісі бар. Шарын өзенінің әсерінен болған табиғи апаттың нәтижесінде өте әсерлі пейзаж пайда болды. Бұл қаланың барлық тұрғындары мен туристерін қызықтыратын және Алматыдағы ең көп баратын және есте қалар орындардың бірі. Уақыт өте келе шатқалдың пішіні мен өлшемі өзгеріп отырған. Шатқалдың өлшемі Гранд-Каньоннан әлдеқайда кішкентай болғанымен, сұлулығы жағынан кем түспейді.

Мұражайлар

Егер сізге өзіндік ерекшелігі бар шағын мұражайлар ұнаса, Алматыда қаламен жақынырақ танысып қана қоймай, жаңа мағлұмат алуға болатын бірнеше қызықты орындар бар. Мұражайлар бізге білім беріп қана қоймай, сонымен қатар елдің тарихымен, мәдениетімен, өркениетімен, дінімен, өнерімен, сәулетімен таныстырады. Алматыда бірнеше танымал мұражайлар бар: Д.Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайы, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы, Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы, М.Әуезовтің мұражай-үйі және Қазақстан Ғылым академиясының археологиялық мұражайы. Осы мұражайлар көмегімен ежелгі дәуірдегі адамдардың қалай өмір сүргенін, не қолданғанын, немен айналысқандарын білуге болады. Сондықтан мұражайларды тарих қоймасы деп те атайды.

Түнгі Алматы

Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша «Алматы ешқашан ұйықтамайды», себебі мұнда түнгі өмір өте жанды. Мұнда көптеген барлар, клубтар мен пабтар бар. Дегенмен, бұл орындардан бөлек, түнде де адамдар толы болатын жаяу жүргіншілер көшелері де аз емес. Олардың қатарында Панфилов, Төлебаев, Жібек жолы көшелері. Бұл жерлерге адамдар түнгі серуенге шығып, өнерлі жастардың түрлі өнерлерін тамашалайды. Сонымен қатар, Төлебаев көшесінде ғимараттардың қасбеттерінде ғалымдарға, музыканттарға және саясаткерлерге тиесілі ескерткіш тақтайшаларын көруге болады.

Көлсай және Қайыңды көлдері

Алматы қаласында болсаңыз, міндетті түрде Қайыңды және Көлсай көлдеріне бару керексіз, онда сіз табиғаттың ғажайып атмосферасынан ләззат ала аласыз. Бұл — Іле Алатауы мен Күнгей-Алатау жоталарының түйіскен жері. Көлдерде Қазақстанның табиғи гауһар тастары жасырылған деген болжам бар. Бұл жер өзінің мөлдір таза суымен баршаға танымал. Көлдердегі су күн сәулесінің түсуіне байланысты түсін үнемі өзгертіп отырады. Айналадағы шыршалар көлге өзінің барлық түстерін бергендей, көлдің суының түсі жұмсақ көгілдір түстен ашық көк-жасылға дейін өзгереді. Көлсай және Қайыңды көлдері туристер мен қала тұрғындарының арасында ең танымал орындардың бірі болып табылады.

Көпұлттылық

Алматы — Қазақстандағы ең үлкен қала, оның халқы 2 млн-нан астам адамды құрайды, ал бұл елдегі жалпы халықтың 11%. Оңтүстік астана түрлі ұлттар мен діндерге құрметпен қарайтынын және барлығы бір-бірімен тату екендігін мақтанышпен айта алады. Қазақстан Еуропаның Азиямен түйісетін жері, және бұл қаланың түрлі ұлт өкілдері мен тұрғындарынан, қаланың серпінді өмір салтынан және ерекше әсерлі қалалық ортадан анық көрінеді. Қала көпұлтты және қала тұрғындарының басым көпшілігі қазақтар, орыстар және ұйғырлар.

Қонақжайлылық

Батыс халқы өте мейірімді, қонақжай халық, қазақтар да бұдан кем емес. Алматылықтар мейірімді және басқа адамдарға көмектесуге әрқашан қуана келіседі. Оңтүстік астана тұрғынының мінез-құлқы мәдениетті, ақжарқын, ашық адам ретінде сипатталады. Туристердің осы қалаға келіп, қайта оралуының бірден-бір себебі де осы. Бұл қалада болған кез келген адам қаланың оң позитивінен қуат алады. Сондықтан бұл жерде сізді әрқашан қуана қарсы алады, ал қызмет көрсетуі сізді өзінің мінсіздігімен таң қалдырады, өйткені қайда барсаңыз да, сіз күлімдеген ақ жарқын адамдарды кездестіресіз.

Блог