Сонымен қатар, жаяу жүру маршруттарына бара жатқанда өзіңізбен бірге жеке басыңыздың куәлігіңізді алып келуді ұмытпаңыз (ҚР ӘҚБТК 510-бабы. Шекара аймағындағы шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзу).
Шекара аймағына кіру (өту), уақытша болу немесе өту кезінде шекаралық аймақтағы шекара режимін бұзу:
1) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ Қазақстан Республикасының азаматы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттары немесе ішкі істер органдары берген жолдамалары жоқ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
— бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сондай-ақ екі ел арасындағы Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге болмайды. Мемлекеттік шекараны бұзу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. (ҚР ҚК 392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту)
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінен тыс қасақана заңсыз кесіп өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту.
— бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен бес жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы реттік нөмірі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы (Қазақстан Республикасының Шекара белгісі) бейнеленген сары-көк шекара белгілерімен белгіленгенін естеріңізге саламыз.
Қырғыз Республикасының аумағы реттік нөмірі бар қызыл шекара белгілерімен және Қырғыз Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасымен (Қырғыз Республикасының шекаралық белгісі) белгіленген.