Үздік 10 сауда орталықтары
«Үлкен қала өмірі» дегенді естігенде ойыңызға не келеді? Әрине, бірнеше ой келеді, алайда ең маңыздыларының бірі — сауда және ойын-сауық орталықтары. Неліктен сауда орталықтары? Себебі сауда орталықтары адамға қажеттінің бәрін ұсына алады: мейрамханалар, дүкендер, кинотеатрлар, СПА, жаттығу залдары, кафелер және т.б. Осылайша әр жерге бөлек-бөлек бармай-ақ өз қажеттіліктеріңізді бір жерден-ақ қанағаттандыра аласыз. Алматыда сауда орталықтары көп. Дегенмен, олардың барлығы көңілді уақыт өткізуге және жұмыстан кейін демалуға ыңғайлы емес. Келесі тізімде сізге Алматыдағы ең үздік 10 сауда орталықтары ұсынылады.
1. Есентай Молл
Esentai Mall - бұл ерекше атмосфера, сауда және ойын-сауық жағдайларын жасау үшін жасалған ерекше орындардың бірі. Мұнда сіз фитнес-клуб және СПА, балалар ойын-сауық аймақтарын таба аласыз, мұның бәрі көлік мінгендерге де, жаяу жүргіншілер үшін де оңай қол жетімді жерде. Сонымен қатар, Esentai молда Ritz-Carlton қонақ үйі, жақын жерде жап-жасыл саябағымен Esentai апартаменттері бар. Сауда орталығы 6 қабаттан, 100-ден астам сәнді дүкендерден, тамақтануға арналған 14 орындардан, Korean House Restaurant, EAST, Esentai Gourmet Bar, Fellini Grill Pasta Bar, OZYURT, PAUL Café, SUSHI`N`ROLL және т.б. сияқты орындардан тұрады. Есентайда түрлі ойын – сауықтар болғандықтан балалар үшін де, ересектер үшін де өте қолайлы: Esentai галереясы - заманауи еуропалық және қазақстандық суретшілердің көрмелерін, өнер және музыка тарихы бойынша дәріс курстарын ұйымдастыру, жаңадан бастап келе жатқан коллекционерлер үшін семинарлар өткізу арқылы Қазақстанда арт-нарықты дамытуға ықпал етеді; Next Esentai - отбасылық демалыс үшін өте ыңғайлы ірі ойын-сауық орталығы.
2. Достық Плаза
Достық Плаза — біздің қаламыздағы ең танымал орындардың бірі. Егер сіз жоғары деңгейдегі қызмет және жақсы интерьерді бағалай білетін болсаңыз, онда бұл сауда орталығы сізді қарсы алады. Қонақтар сауда жасау, фильмдер көру, ойын алаңында балалармен ойнау және т.б. сияқты түрлі ойын-сауықтармен айналысып, жақсы уақыт өткізе алады. Сонымен қатар, бұл орын тікелей қала орталығында орналасқандықтан, өте ыңғайлы. Сауда орталығы фирмалық дүкендері бар, сондай-ақ кинотеатры және мейрамхана ауласы бар 4 қабаттан тұрады.
3. Мега Алма-Ата
Қалада сауда орталықтары көп болғанына қарамастан, Мега Алма-Ата орталығы қаланың ең алғашқы сауда орталықтарының бірі болып табылады, алайда осыған қарамастан халық ең көп баратын және танымал сауда орталығы болып табылады. ZARA, New Yorker, Armani Jeans, Marc O’Polo, Monsoon Accessorize, Baldinini, Starbucks, Burger King, KFC, Hardee’s және басқа да көптеген танымал брендтер Мега Алма-Ата орталығында алғашқы дүкендерін ашты. Бутиктерден басқа, Мега Алма-Ата адамдарды Scott Lighting Британдық компаниясының «Күн» шамы, 12 метрлік «Wish Tree» алма ағашы, белгілі суретші Марат Бекеевтің картиналары сияқты және т.б. түрлі арт-нысандарымен қызықтырады. Сондай-ақ, 3-ші қабаттағы мейрамханалар галереясымен таң қалдырады, онда Crudo, SADU, ASSORTI Kazan, «Ресторанный дворик», Korean House және «Вьет Кафе» сияқты мейрамханалар бар. Аттракциондар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы Technical Park (Италия) салған қалаға келушілерді айналма дөңгелегі де тартады, ол қаладағы ең биік құрылыстардың бірі болып табылады.
4. Мега Парк
Бұл сауда орталығының атауын естіп ақ бұл жер ағаштар мен жасыл желектер мекені екендігін аңғару қиынға соқпайды. Мега Парк аумағында 700-ге жуық ағаштар мен бұталар отырғызылған. Бұл сауда орталығы тек 2014 жылы ашылғанына қарамастан, алматылықтар мен туристерді әрдайым өзіне тартады. Сауда орталығының инфрақұрылымының өзге орталықтардан айырмашылығы — балалар мен ересектерге арналған үлкен ойын алаңы бар. Мұнда түрлі нысандар бар, мысалы, шағын футбол (қысқы уақытта мұз айдыны) және баскетбол алаңдары; 2-6 және 6-12 жастағы балаларға арналған ойын алаңдары; Rope Park Француз каруселі; өрмелеу қабырғасы және жүгіру жолы.
5. Colibri
Бұл сауда орталығы әу бастан-ақ өзіндік ерекше қалалық нысан ретінде жоспарланған болатын. Colibri-де ұсынылған дүкендердің көпшілігі эксклюзивті. Бұл сауда орталығының интерьерін салу және жасау үшін Еуропаның түкпір-түкпірінен мамандар шақырылды: декоратор Анн-Шарлотта Арнольд (Франция) бутиктің терезелерімен жұмыс істеді; азық-түлік дүкенін безендіруге Мохаммед Адиб пен Мария Эскалей (Испания) шақырылды, ал Cream Brule Gelato — итальяндық Джованни Гастаның жұмысы. Нағыз кәсіпқойлардың барлық жасаған жұмыстары бұл сауда орталығын тартымды және ерекше етеді. Ұсынылған мекемелердің ассортименті өте ауқымды: 100-ден астам сәнді дүкендер, крем-брюленің кондитерлік өнімдері мен Barmaglot бары, Goodwine шарап дүкені және балаларға арналған бірнеше ойын алаңдары.
6. Москва сауда орталығы
Айта кетететін жайт, көптеген сауда орталықтары қала орталығында орналасқан және бұл ауылдық жерлерде тұратын адамдар үшін қолайлы емес. Дегенмен, Мәскеу сауда орталығы — бұл қала шетінде тұратын тұрғындар үшін өте қолайлы сауда орталығы. Құрылғанына аз уақыт болғанына қарамастан, бұл жердің инфрақұрылымы қаланың ажырамас бөлігі болып табылады. Мұнда 100-ге жуық бутик, үлкен кинотеатр, балаларға арналған 3 ойын алаңы және мейрамханалар мен фуд-корт бар. Сонымен қатар, жақында орталық алаңда мұз айдыны ашылды, және қыста мұндағы атмосфера керемет таң қалдырады.
7. Атакент Молл
Барлық адамдар үшін сауда орталығының орналасқан жері өте маңызды критерий болып табылады және Атакент Молл осы критерийді ескере отырып салынған. Бұл жер өзінің жоғары сападағы дүкендері мен мейрамханаларымен танымал. Ауданда Алматыдағы ең үлкен университет — Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жасыл желекті және ең көп келетін саябақ — Атакент саябағы және басқа да көптеген ғимараттар бар. Ол университеттің маңында орналасқандықтан, студенттер үшін көптеген ғимараттар салынды: спорт залдары, қолжетімді бағадағы кафелер, «Студент» ұялы телефон бутигі және т.б.
8. Глобус
Алматыны кейде білім қаласы деп те атайды, сәйкесінше студенттер мен жоғары оқу орындарының саны көп. Сол себептен көптеген сауда орталықтары оқу орындарына немесе жатақханаларға жақын орналасқан. «Глобус» студенттер үшін өте қолайлы орын екені сөзсіз, өйткені бұл сауда орталығының жанында үш университет пен екі жатақхана бар. Нысандар алуан түрлі болмағанымен, олардың әрқайсысының сапасы айтарлықтай жоғары. Мысал келтірер болсақ, Алматыдағы ең таңдаулы мейрамханалардың бірі «Тюбетейка»-ның «Глобуста» жеке филиалы бар, және сауда орталығына келушілер осы жерде тамақтана алады. Сонымен қатар, бұл ауданда көптеген бизнес орталықтары бар және қызметкерлердің түскі ас кезінде «Глобус»-қа келуі өте ыңғайлы. Сондай-ақ, бірнеше сән дүкендері, сұлулық салондары, банкоматтар, би студиясы және көңілді уақыт өткізуге қажетті басқа да нысандар жетерлік.
9. Форум
Жалпы ауданы 155 000 шаршы метрді құрайтын соңғы буынның, үлкен сауда және ойын-сауық орталығы. Сауда орталығының жұмыс істеу мерзімі қысқа екендігіне қарамастан, оның алматылықтар мен қала қонақтары арасында, кездесу ұйымдастыруға және сауда жасау үшін танымал орынға айналуына мүмкіндігі бар. Форумның инфрақұрылымы айтарлықтай керемет емес, бірақ ол жақын арада Алматы қаласындағы үздік инфрақұрылымдардың біріне айналуы мүмкін. Форумның басты артықшылығы оның орналасқан жерінде. Сауда орталығы қаланың орталық көшелерінің қиылысында, ірі бизнес орталықтарынан (Нұрлы-Тау, АФД), қонақүйлерден, ҚазҰУ мен ҚазҰТУ-дың университеттерінен, Керемет және АФД Плаза тұрғын үй кешендерінен бірнеше минуттық жерде орналасқан. Осы қолайлылықтар бұл жерде сіз өзіңіздің сүйікті брендтеріңіздің дүкендерінде сауда жасап қана қоймай, іскерлік кездесулер ұйымдастырып, достарыңызбен барда немесе мейрамханада бас қосып, демалыс күндерін отбасыңызбен өткізіп, жай ғана жайлылықта демалуға болатын өте ыңғайлы орынға айналдырады.
10. ADK
ADK — бұл көптеген пайдалы және өзіңізге жағымды сауда жасап қана қоймай, өзіңізді жақсы демалыспен қуантуға болатын орын. ADK сауда орталығы Chaplin Cinema кинотеатрының 6 залы, Kinderville балалар ойын-сауық саябағы және Savanka балалар қалашығы, A-Store азық-түлік дүкені және Pinta, KFC, Burger King және т.б. тамақтану орындарын қамтиды. Сауда орталығы тұрғын ауданда орналасқандықтан, маңында тұрғын үй кешендері көп. Осылайша, «ADK» сауда ойын-сауық кешені аудан тұрғындарына өте қолайлы.